Әйелдердің зейнетке шығу жасы ұзартылмақ

0

Қазақстанда әйелдердің зейнетке шығу жасы ұзартылмақ, деп хабарлайды kznews.kz сайты 31-арнаның «Информбюро» бағдарламасына сілтеме жасап.

Екатерина есімді тұрғын зейнетке шығу үшін құжат өткізуді жарты жыл бұрын бастаған. Жақында ол 60 жасқа толады. Алайда мәселе жылдам шешілмеген.

«Барлығы электронды жүйеде енгізілді. Бірақ мұрағаттан жұмыс орыны жайлы ақпаратты растау үшін өтінішті тамызда бергенмін. Әлі аша алмады, 1414 нөміріне хабарлас дейді. Байланысқа шығып көр!», — деді Екатерина.

Еңбек және әлеуметтік қорғау департаментінің бас маманы құжат жинауды бір жыл бұрын бастауға кеңес берді. Тым болмағанда кеңес алып, құжаттардың дұрыс екенін тексерткен жөн дейді. Әкелген құжаттардың тең жартысы жарамсыз болып қалады. Мысалы, 1990-жылдардың ортасына дейін кей кәсіпорындар еңбек кітапшасына ҚасССР мөрін қойып келген. Алайда қазір бұл жазбалар еңбек өтілі ретінде есептелмейді. Кейбірінде еңбек кітапшасы мүлде жоқ екен.

1961 жылы дүниеге келген әйелдер туған күніне 10 күн қалғанда Халыққа қызмет көрсету орталығына өтініш білдіре алады, тек 31 желтоқсанға дейін үлгеруі қажет.

Кей құжаттар мен жазбаларды әлі алмаса да, өтініш міндетті түрде берілуі керек. Зейнетақы қолда бар құжаттар негізінде тағайындалады. Бірақ кейін қайта есеп жүргізу қажет болады.

Айта кетейік, 2027 жылға дейін әйелдердің зейнетке шығу жасы жарты жылға өсіп отырады.