Өскеменде әпкесін мерекемен құттықтамақшы болған жеткіншектер балалар үйінен қашып кеткен — Қазақстан жаңалықтары

0

Өскеменде балалар үйнің екі тәрбиеленушісі жертөленің терезесі арқылы қашып кеткен. Оларды іздестіруге полицейлер, еріктілер мен әскерилер жұмылдырған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Еуразия бірінші арнасына сілтеме жасап.

балалар үйі

Жоғалып кеткен екі баланы іздеген полицейлер 10 шақырымдай жол жүріп, балалардың достары мен таныстарынан олардың қайда кетіп қалғандығын анықтапты. 

Балалар үйінің есіктері кешкесін тұтастай бекітілетін көрінеді, десек те бұл жеткіншектредің жолына тосқауыл болмапты. Жертөленің терезесінен қашып шыққан олардың жоқ екендігін тәрбиеші тек таңертеңгісін бір-ақ біліпті. Балалар ауылының қызметкері дереу сол жердің директоры мен полицияға хабар беріпті. 

Жоғалған балалардың бірі алтыншы сынып оқушысы болса, екіншісі 17 жаста екен. Жасөспірім бірінші рет қашып отырған жоқ дейді тәрбиешілер.

«Таулы көшесіндегі жоғалған балалардың бірінің нағашы әжесінің үйі орналасқан, сол жақты барып тексеру керек деген мәлімет келіп түсті. Қашып кеткен балалар осы үйден табылды», — деді учаскелік инспектор Дамир Қабдрашев. 

Жол бойында әжесінің үйінде табылған балалардың бірі полицейлерге Семей қаласына досымен бірге бармақшы болғанын айтыпты. Сөзінше, ол қалада тұратын әпкесін мерекемен құттықтағысы келген. 

Балалардың аман-сау табылғанына қарамастан полиция инспекторлары тергеу амалдарын жалғастыруда. Олар бейнебақылау камералары бола тұра жеткіншектердің кетіп қалғанын күзетшілер қалай байқамай қалғандығы мен ұл балалардың неліктен қашып кеткендігін анықтамақшы. 

 

stan.kz