Басты бет Жаңалықтар «Орысша сұрағаным үшін ұрып тастады»: Алматы автобусындағы төбелес сотқа дейін жетті

«Орысша сұрағаным үшін ұрып тастады»: Алматы автобусындағы төбелес сотқа дейін жетті

0
11334
Сурет: https://kto-irkutsk.ru/

Салтанат Тәшімова әкімшілік кодекстің «Ұрып-соғу» бабы бойынша өзіне 10 АЕК көлемінде айыппұл салынғанын айтты, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Caravan.kz сайтына сілтеме жасап.

Сондай-ақ, Ташимова ханым Facebook парақшасында кикілжіңнің екінші мүшесіне де осындай айыппұл тағайындалғанын айтты.

Естеріңізге сала кетсек, Салтанат Тәшімова қазан айының соңында өзін автобуста ұрып-соққаны туралы айтқан еді.

«Оқиға мынадай: мені жүргізушіден аялдаманы орыс тілінде сұрағаным үшін соққының астына алды».

Айтуынша, оны жолаушылардың бірі ұрған.

«Бұл тәте мені еш себепсіз ұрды. Жұдырығымен басымды, бетімді, қолымды ұрғылады, аяғымен тепті. Құдайым-ау, бойын қаншама өшпенділік кернеп тұр», — деді Тәшімова.

КазТАГ Malim.kz сайтына сілтеме жасап, аталған автобустың жүргізушісі Қастер Серіктің кикілжіңнің өз нұсқасын баяндағанын хабарлады.

«№207 автобус «Саяхат» пен Талғар арасында қатынайды. Оқиға 24 қазан күні кешке автобус адамға лық толы кезде болған. Салонда 35-40 адам болды. Бесағашқа жақындап қалған кезде біреу менен орыс тілінде сұрады. Орыс тіліндегі сұрақты аса түсінбедім. Тілім келмей орыс тілінде ««Русский не понимаю, тәте, қазақша айтыңызшы» дедім.

Жүріп келе жатқанымызда ол телефонға түсіріп, бірнәрсе айтып отырды. Мен бұған назар аудармай, жолға қарап, әрі қарай да жүре бердім. Ол Facebook желісіне тікелей эфирге шыққан сияқты. Менің оған орыс тілінде жауап бере алмағаным туралы айтып жатқандай болды. Мұны естіген бір әйел оған «Ол неге саған орыс тілінде жауап беруі тиіс? Сен қайда тұрасың?» — деді жүргізуші Қастер Серік.

Оның айтуынша, кикілжің осылай басталған. Енді бұл оқиғаға нүкте қойылды. Екі тарапқа да айыппұл салынған.

Загрузка...

ТҮСІНДІРМЕСІЗ

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз