Орамжапырақ қосылған құймақ |


Ингредиенттер:
1 стақан сүт
1 стақан минералды су
1 стақан ұн
200 гр орамжапырақ
1 жұмыртқа
Тұз
Аскөк (қалауыңызға қарай)
Өсімдік майы (қуыру үшін)
Жасалуы:
Орамжапырақты жіңішке етіп турап, қызып тұрған табаға салыңыз, аздап су құйып, бетін жауып бұқтырыңыз.
Жұмыртқаның ақ-сарысын ажыратыңыз.
Жұмыртқаның ағын миксермен 3-4 минут араластырыңыз.
Ингредиенттердің бәрін қосып араластырыңыз.
Қызып тұрған табаға өсімдік майын жағыңыз.
Қамырды аз-аздан құйып, екі жағы да алтын түске енгенге дейін қуырыңыз.
Дереккөз. Reactor
Дереккөз: http://reactor.inform.kz