Жол ережесін бұзған астаналыққа 6 миллион теңгеден астам айыппұл салынды

0

Астанада жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды

АСТАНА, 10 қаңтар — Sputnik. Астана жолдарында жүрген 30 жүргізушіге миллиондаған теңге айыппұл салынған. Оларды полиция іздеп жатыр. Айыппұлдардың жалпы сомасы 106 858 960 теңгені құрады.

«Астана Innovations» АҚ баспасөз қызметінінің мәліметінше, ең көп айыппұл – 6 225 405 теңге. Ол Kia Rio және Škoda маркалы екі автокөлікке бір нөмірмен жүрген жүргізушіде.

«Астанада өткен жылдың сәуір айынан бастап Полиция департаменті «Борышкер»жедел-алдын алу іс-шараларын өткізді. Іс-шаралар шеңберінде Астана аумағында, сондай-ақ барлық «Рубеж» бекеттерінде көлік ағынын бақылаудың автоматты жүйесін, электрондық планшеттерді және «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенін пайдалана отырып, әкімшілік айыппұл бойынша борышкерлер анықталды. Жедел-алдын алу іс-шараларын өткізу кезінде базада жоқ, жалған немесе шетелдік нөмірлер мен жалған мекен-жай көрсетілген 800-ге жуық жүргізуші тоқтатылды», — делінген хабарламада.

Қазіргі таңда қалалық Полиция департаменті жалған немесе шетелдік нөмірлермен жүретін және өзін жазасыз сезінетін тәртіп бұзушыларды анықтауда, деп хабарлады Елорда Инфо.

Астанада өткізілген кешенді іс-шаралардың арқасында жол-көлік оқиғаларының саны 15%-ға, ЖКО-да жараланғандардың саны 16%-ға азайды және жолдардағы өлім-жітім екі есе азайды (48 %).


Дереккөз: https://sputniknews.kz/