Оралда тіс дәрігеріне барған әйел адам қайтыс болды

1
256

Оралда тіс дәрігеріне барған 31 жастағы әйел адам қайтыс болды. Белгісіз заттан күйік алыған әйел, есін жимастан көз жұмған.

Оқыс жағдай 30 қарашада болған. Бұл туралы Мой город басылымы жазды.

Батыс Қазақстан облысы мөтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өртті бақылау бөлімінің бастығы міндетін атқарушы Мереке Жұмағалиев қалалық көпсалалы ауруханаға белгісіз жағдайда күйік алған әйел жеткізілгенін айтты.

Бұл ретте өрт туралы ешкім хабарламаған.

«Оқиға орнына Орал ТЖБ қызметкерлері барды. Стоматология иесі зардап шеккен адам стоматология бөлмесін тазартып жатқан кезде түсініксіз жағдайда, белгісіз заттардан  күйік алғанын айтты. Материал облыстық полиция басқармасына тапсырылды», – деді Жұмағалиев.

Батыс Қазақстан облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің хабарлауынша, зардап шегушінің денесінің 80% күйік шалған. Сол күні әйел алған жарақаттарынан есін жимастан жансақтау бөлімінде көз жұмды.

Іс бойынша бірқатар сараптамалар тағайындалды, сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.