“Бұл қаланы жақсы көремін“ - Рыбакина Алматы туралы жылы лебіз білдірді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Қазақстанда "Яндекс" таксиі мен курьерлік қызметтері істен шықты

Қазақстанда "Яндекс" таксиі мен курьерлік қызметтері істен шықты
Фото: ашық дереккөз

Қазақстандықтар желіде жаппай Яндекс-тің жұмыс істемей тұрғанын жарыса жазып жатыр.

11 қазанда Қазақстанда такси жүргізушілері мен курьерлерге арналған “Яндекс” сервистері қолжетімсіз болып қалды, деп хабарлайды kznews.kz

“Алматыда бүгін бәрінде Яндекс істемей тұр ма? Мен Яндекс курьерлерінің қызметін жиі пайдаланамын. Клиентке жеткізу жіберуім керек еді, енді не істерімді білмей отырмын. Қосымшада көлік жоқ деп көрсетіп тұр”, – деп жазды бірі. 

“Біреу Яндекс неге істемей тұрғанын біле ме? WB таксиі де жұмыс істемейді, My Taxi де көлік таппай тұр. Не болып қалды?”, – деп жазды бірі. 

“Таңертең жұмысқа жиналып жаттым. Яндекске кіріп, такси шақырмақ болдым. Қосымша ұзақ жүктеліп, ақырында "Бос көлік жоқ" деп шықты. Uber-ге кіріп көрдім, онда да сол жағдай. Әдетте жұмысқа Comfort+ тарифімен 2 200 теңгеге дейін жететін едім. InDrive-ты ашсам, бағасы шарықтап кетіпті. "Біздің такси қызметтері тағы да бағаны көтерген екен" деп ойладым. Жарайды, 2 500 теңгеге ескі көлікті шақырдым. Отырып алып, жүргізушіден сұрадым:Не болды? Неге қосымшалар жұмыс істемей тұр? Ол сабырмен ғана: Яндексті жарып жіберіпті, деді”, – деп жазды бірі. 
“Яндекс Go жұмыс істемей тұр. Меніңше, бұл ұзаққа созылуы мүмкін. Егер Украина Қарулы күштері қалған үш дата-орталықтың тағы біреуін істен шығарса, сервистердің жұмысы бұзылуы мүмкін. Олардың тағы бір дата-орталыққа соққы беру ықтималы өте жоғары. Бұл маркетплейстер емес, тауарларды басқа қоймаларға бөліп орналастыра салуға болмайды. Тіпті резервтік жүйелер жақсы жолға қойылған күннің өзінде, есептеу қуаты сервистердің бұрынғы көлемде жұмыс істеуіне жетпеуі мүмкін. Ал санкцияларға байланысты бұл қуаттарды қалпына келтіру қиын. Дәл қазір қосымша бірде-бір бос көлікті көрсетпей тұр. Жүйе оларды мүлде таппай жатыр”, – деп жазды бірі.

Олар қызметтердің уақытша істемей тұрғанын хабарлады.

“Қазір техникалық мамандарымыз сервистердің жұмысын қалпына келтірумен айналысып жатыр. Әзірге нақты қанша уақыт қажет екенін айта алмаймыз. Дегенмен қызметтерді мүмкіндігінше тез іске қосу үшін бар күшімізді салып жатырмыз”, – деп мәлімдеді компания.

Компания өкілдері бұл жағдайдың көптеген адамның күнделікті жоспарына әсер еткенін айтты. 

“Қолайсыздыққа тап болған барша адамнан шын жүректен кешірім сұраймыз”, – делінген хабарламада.

Компания Қазақстан заңнамасын сақтап жұмыс істейтінін де мәлімдеді.

“Қазақстандық пайдаланушылардың жеке деректері ел аумағындағы серверлерде сақталады. Бұл олардың ел заңнамасына сәйкес қорғалуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар цифрлық сервистердің жұмысы үшін бірнеше елдегі серверлерді қамтитын ортақ есептеу инфрақұрылымы пайдаланылады. Сондықтан жүйенің бір бөлігінде туған техникалық ақау бірнеше елдегі сервистердің жұмысына әсер етуі мүмкін. Қызметтердің жұмысы қалпына келгені туралы пайдаланушыларға, жүргізушілер мен курьерлерге ресми арналарымыз арқылы хабарлап отырамыз”, – делінген хабарламада. 

Не болды?

8 қазанға қараған түні Рязань облысының Сасово қаласындағы “Яндекс” компаниясының дата-орталығына дрондар шабуыл жасаған. Соққыдан кейін нысанда өрт шығып, инфрақұрылымның бір бөлігі зақымданған. Соның салдарынан орталықтың жұмысын толық тоқтатуға тура келген.

Компания шабуыл болғанын растады және зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады. Қазір оқиға орнында тиісті қызметтер жұмыс істеп, мамандар зақымданған жүйелерді қалпына келтіріп жатыр.

Компания мәліметінше, “Яндекстің” негізгі қызметтері әдеттегі режимде жұмысын жалғастырған. Дегенмен пайдаланушылар “Яндекс.Диск”, “Яндекс.Документы”, сайттар мен мобильді қосымшалардың жұмысында ақау барын хабарлаған.
Yandex Cloud парақшасында да дата-орталық аймақтарының бірінде электр қуатына қатысты мәселе туындағаны жазылған. Клиенттерге уақытша басқа аймақтарды пайдалану ұсынылған.

Downdetector деректеріне сәйкес, жаппай шағымдар Мәскеу уақытымен шамамен сағат 02:00-де, Астана уақытымен 04:00-де түсе бастаған. Бір тәулікте 1,5 мыңға жуық шағым тіркелген.

Еске салайық, 18 шілдеге қараған түні Украина дрондары Ресейдің Тамбов және Мәскеу облыстарындағы Wildberries маркетплейсінің екі ірі логистикалық орталығына шабуыл жасады. Ресей билігі шабуыл салдарынан сегіз адам қаза тауып, шамамен 50 адам түрлі жарақат алғанын хабарлаған еді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.