Орал қаласында төбелескен ресейліктер сот шешімімен Қазақстаннан шығарылды

Мамандандырылған әкімшілік сот Оралдағы төбелеске қатысушылардың барлығын елден шығару туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.
Естеріңізге сала кетейік, ішімдік ішкен ресейліктер бір-бірімен төбелескен. Нәтижесінде 1992 және 1995 жылы туған Ресей Федерациясының азаматтарына ұсақ бұзақылық үшін 5 тәуліктік мерзімге әкімшілік қамауға алу жазасы тағайындалды.