Түркістан облысында полиция қызметкерлері мен тұрғындар арасында қақтығыс болды

0

Түркістан облысы Төлеби ауданы Көксайек ауылында
құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар арасында қақтығыс болды деп хабарлайды Kznews.kz тілшісі.

Кейбір дереккөздердің хабарлауынша, ВАЗ-2103 жүргізушісі Төлеби ӨКП полицейлерінен жасырынамын деп оқыста қаза тапқан. Ал оның жолаушысы мен басқа Audi 100 жүргізушісі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жергілікті тұрғындар қаза тапқан адамның ізіне түскен полицейлердің оқиға орнынан қашып кеткеніне ашуланды.
Қайтыс болған жүргізушінің туыстары қуғын-сүргін жасаған полицейлерге қатысты арыз жазды.
Дереккөз @yyedilov