Орал-Алматы жолаушылар пойызы кері қайтарылды
Қысқа сілтеме алу
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 182 жолаушыны әкеле жатқан пойызды Қарағанды стансасына қайтару туралы шешім қабылданды
НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан – Sputnik. Оралдан Алматыға шыққан жолаушылар пойызы техникалық ақау табылуына байланысты Қарағанды стансасына қайтарылды.
«2020 жылдың 5 ақпанында сағат 21:07-де «Орал – Алматы-2» бағытындағы №52 жолаушылар пойызы техникалық ақауға байланысты «Қарағанды – Ағадыр» (Қарағанды облысы) учаскесінің «Нілді – Айса» аралығында тоқтап қалды», — деп жазылған «Жолаушылар тасымалы» АҚ және «Жүк тасымалы» АҚ баспасөз қызметтері таратқан хабарламада.
Жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 29 вагон тіркеп, 182 жолаушыны әкеле жатқан пойызды Қарағанды стансасына қайтару туралы шешім қабылданған.
«Орал – Алматы-2» бағытындағы №52 жолаушылар пойызы сол жерде тоқтады. Сапарды жалғастырса ақау пойыз қозғалысының қауіпсіздігіне әсер етуі мүмкін. Ақау екі вагон аралығынан табылып отыр.
Оқи отырыңыз: Қарағанды облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Қарағанды стансасында жолаушылар «Жолаушылар тасымалы» АҚ билет кассаларынан жол жүру құжаттарының 100% құнын өндіріп ала алады. Сондай-ақ компания оларға Алматыға жол тартқан басқа пойыздармен сапарын жалғастыруды ұсынды.
«Жолаушылар тасымалы» АҚ келтірілген қолайсыздық үшін кешірім өтінді.
sputniknews.kz