Өз-өзіне қол салмақ болған үш дүркін әлем чемпионы ауруханада жатыр

0

Спортшы қыз нақты не болғанын айтпады. Алайда, полицияның мәліметінше, денесіндегі жарақаттар оның өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын көрсетеді

НҰР-СҰЛТАН, 6 ақпан — Sputnik. Ресейлік гимнасшы Александра Солдатова суицид жасамақшы болған. Қазір ол ауруханада жатыр.  

Бұл туралы «Мәскеу» қалалық жаңалықтар агенттігіне полиция қызметкері хабарлаған.


©
Sputnik / Владимир Песня

Александра Солдатова

Дереккөзге сүйенсек, 5 ақпан күні 21 жастағы Александра Солдатова дене жарақаттарымен мәскеулік ауруханалардың біріне түскен. 

«Сондай-ақ, қызға булимия диагнозы қойылды. Қазіргі уақытта науқас қалай жарақат алғанын айта алмайды», — деді ол.

Тергеушілер тексеріс жүргізіп жатыр.

Mash Telegram-каналының хабарлауынша, спортшы қыз өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мойындап отыр.

«Бұл ақымақтық болды. Қорқып кетіп, бірден ауруханаға бардым», — деді Александра.

Александра Солдатова — көркем гимнастикадан Ресей құрамасының мүшесі, командалық есепте үш дүркін әлем чемпионы және лентамен жаттығудан әлем чемпионы.

2019 жылдың мамыр айында ол Испанияның Гвадалахара қаласында өткен көркем гимнастикадан әлем кубогының кезеңінде алтын медаль жеңіп алды.

Айта кетсек, спортшы Димаш Құдайбергеннің «Шаршаған аққулардың махаббаты» әнінің сүйемелдеуімен өнер көрсеткен болатын.



sputniknews.kz