ОПЕК+ келісіміне қосылудың нәтижесінде мұнай өндіру тоқтаған жоқ

0
15

Экономика

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Қазақстан мамыр-маусым айында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту міндетін өз мойнына алған еді

АЛМАТЫ, 27 мамыр – Sputnik. Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев ОПЕК+ келісімі бірқатар кен орындарында мұнай өндіруді тоқтатпауға мүмкіндік бергенін айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ноғаевтың айтуынша, Қазақстан қазір ОПЕК+ келісімі аясында өз міндеттемелерін қатаң орындап отыр.

«Қазақстан ОПЕК+ келісіміне қосылды, бұл бізге резервуарлардың толып қалмауына, кейбір кен орындарының жұмысының тоқтамауына мүмкіндік береді. Қазақстан мамыр-маусым айында мұнай өндіруді тәулігіне 390 мың баррельге қысқарту міндетін өз мойнына алды», – деді министр.

Айта кетейік, министр Қазақстандағы мұнай өндірісі 2020 жылы өткен жылмен салыстырғанда 4,5%-ке қысқаратынын айтты.

«2020 жылы 90 миллион тонна мұнай өндіру жоспарланған болатын. Алайда, мұнай бағасының құбылып, пандемия кезінде әлемдік экономиканың тұрақсыз дамуына байланысты өндіру көлемін 86 миллион тоннаға, яғни 4,5%-ке төмендеттік», -деді министр.

ОПЕК+ келісімі

Мамыр айының басында коронавирус пандемиясы, мұнай бағасының құлдырауы мен қара алтынға сұраныстың төмендеуіне байланысты ОПЕК-тің мұнай өндіруді қысқарту бойынша жаңа келісімі жасалды.

Альянс мұнай өндіруді мамыр-маусым айында тәулігіне 9,7 миллион баррельге, екінші жартыжылдықта 7,7 миллионға және одан әрі 2022 жылдың сәуір айының соңына дейін 5,8 миллион баррельге төмендетуге келісті.



sputniknews.kz