«Оңай тиіп жатқан жоқ»: Қайрат Нұртас марқұм әжесінің жантебірентерлік видеосын бөлісті – Қазақстан жаңалықтары

0

Екі күн бұрын Қайрат Нұртас әлеуметтік желідегі парақшасында әжесінің бақилық болғаны туралы жазып, қариямен бірге түскен суретін жариялады. Әнші желіде кезекті жазбасын бөлісіп, бұл қайғының өздеріне ауыр тиіп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Қайрат Нұртас әжесімен бірге«Әр адамның тірегі, шын жанашыры тек анасы екенін білемін. Анамның анасынан айырылуы бәрімізге оңай тиіп жатқан жоқ. Тәңір берді, тәңір алды. Асылық айтудан аулақпын. Құдайға шүкір, әжем 92 жасында кетті. Көзі тірісінде 5 ұл, 3 қыз, 31 немере, 59 шөбере, 3 шөпшек сүйіпті», – деп бөлісті Қайрат Нұртас. 

Сондай-ақ, әнші өзіне қолдау білдіріп, демеу сөздер жазған оқырмандарына алғыс айтты. 

«Барлық қайғымызға ортақ болып жатқан ағайын-дос, таныстарға үлкен рахмет! Алла сіздерге әжемнің жасын және жолын берсін! Әумин!» – дейді ол. 

Желі қолданушылары өз кезегінде әншінің қайғысына ортақ екенін жазды. Сондай-ақ, жылы тілегін жарыса жеткізді. 


«Гүлзира – ең бақытты ана. Анасының алақанын осы кезге дейін сезіну – ең үлкен бақыт. Жұмақтың төрін нәсіп етсін!», «Амал дәптері оң жағынан келсін! Біздерге шапағатшы болуын жазсын», «Арты қайырлы болсын! Жасын біздерге берсін! Әумин» деп жазды желі қолданушылары. 



stan.kz

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз