Астанадағы вокзал атауы «Нұр-Сұлтан» болып өзгерді

0

Қазақстан астанасындағы теміржол вокзалының аты «Нұр-Сұлтан» болып өзгерді. Бұл туралы қаулы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің сайтында жарияланды.

Қаулыда «Үкімет «Астана» теміржол вокзалының атын «Нұр-Сұлтан теміржол возкалы» деп өзгертуді қаулы етеді» деп жазылған.

Бұдан бұрын, 2 сәуірде, вокзал атын өзгерту туралы қаулы жобасы нормативтік құқықтық актілер электрондық базасында жарияланған. Көпшілік талқы аяқталатын уақыт ретінде 16 сәуір көрсетілген еді.

23 наурызда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астананы Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа қол қойған.

Azattyq