Ол міндеттен босатпайды: Kaspi аударымдарына салық туралы сұраққа банк жауап берді
Елімізде қазақстандықтар кәсіпкерлерге мобильді қосымшалар арқылы жіберетін ақша аударымдарын (картадан картаға) салықтармен қамту жоспарланып жатыр. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов айтты.
Ақша аударымдарына салық салу туралы жаңалық халықтың наразылығын тудырғаны туралы жазған болатынбыз.
Премьер-министрдің бірінші орынбасары Әлихан Смаилов ақша аударымдары нақты қай банкқа тиеселі екенін атаған жоқ. Сөйтсе де әлеуметтік желі қолданушылары бұл өзгеріс халық арасында ақша аударымы бойынша ең танымал Kaspi.kz қосымшасына қатысты деп отыр.
«Жеке тұлғалар арасындағы өтеусіз аударымдарға салық салынбайтындығын, бірақ жедел аударым қызметін кәсіпкерлік мақсатта пайдалану кәсіпкерлерді Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өз тауарлары мен қызметтерін тұтынушыларға сату кезінде салық төлеу және фискалды түбіртек беру міндеттерін босатпайтынын хабарлаймыз» делінген Kaspi Guide қызметінің ресми жауабында.