ОББ болашақ басшысының Путин мен Ресей туралы пікірі
Джо Байден ОББ (ЦРУ) бастығы қызметіне мансаптық дипломат және Мәскеудегі бұрынғы елші Уильям Бернсті ұсынды.
Уильям Бернс Ресейде 2005-2008 жылдар аралығында елші болды. Соңғы бірнеше жыл ішінде ол халықаралық бейбітшілік үшін Карнеги қорын басқарды.
2017 жылы ол АҚШ пен Ресей арасындағы қатынастардың болашағы туралы айтты: «Мен Мәскеуде елші болып жұмыс істеген кезімде екі жақта АҚШ — Ресей қатынастары туралы иллюзиялар көп болды. Америка Құрама Штаттары Мәскеумен ынтымақтастықты жалғастыру идеясы мен Ресейдің аймақтық держава мәртебесін біртіндеп жоғалтып жатыр деген жорамал арасында екіұдай болды. Ресей өз кезегінде алдымен АҚШ-пен стратегиялық серіктестік мүмкіндігін қарастырды, содан кейін АҚШ үстемдік еткен заманауи әлемдік тәртіп идеясын бұруға тырысты. Шындығында, Ресеймен қарым-қатынас жақын болашақта бәсекеге қабілетті болып қалады және көбінесе екі ел қарсылас ретінде әрекет етеді. Мұның негізі — әрбір мемлекеттің әлемдегі рөлі туралы идеясы тұр».
Бернс өзінің 2019 жылы Ресей президенті Владимир Путинмен алғашқы кездесуін былай сипаттады: «Сіздер, американдықтар, көбірек тыңдауыңыз керек, сіз бәрін өз қалауыңыз бойынша жасай алмайсыз», — ол маған айтты.
«Мұнай бағасы жоғары болған кезде, Путин өмір сүру деңгейінің жоғарылауының арқасында халықпен байланыс жасай алды. Мен Мәскеудің орталығында елші болып жұмыс істеген кезде Ресейде орта таптың үлесі көбейіп, ресейлік элитасы олардың бәрін дұрыс жасап жатқанына сенімді болды. Батыс санкциялар салған кезде, Путин бұл козырьден айырылды. Мұнай-газ секторына нақты бейімділігі бар ресейлік экономика қалды, мұнда нақты реформаларға саяси бақылау мен жемқор сыбайластық кедергі келтіреді», — осындай қорытынды беріп отыр Бернс.
Керімсал Жұбатқанов, Қазақ-Орыс халықаралық университетінің доценті, тарих ғылымдарының кандидаты