Парламент сайлауының қорытындысы шықты

0
210
Сурет © Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Орталық сайлау комиссиясында ОСК төрағасының орынбасары Константин Петров 2021 жылғы 10 қаңтарда өткен Қазақстандағы парламенттік сайлаудың қорытындылары жариялады.

Сайлауда 7 241 562 қазақстандық дауыс берілді.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы мынадай болды:

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) –  659 019 дауыс немесе 9,10 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы –  5 148 74 дауыс немесе 71,09 пайыз дауыс;
  • «Ақ жол» партиясы –  792 828 дауыс немесе 10,95 пайыз дауыс;
  • «Ауыл» партиясы – 383 023 дауыс немесе 5, 29  пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы –  258 618 дауыс немесе 3,58 пайыз дауыс.

Сайлаудың алдын ала қорытындысы бойынша да Мәжіліске 7 пайыздан аса дауыс жинаған үш партия өтті.

Сонымен Мәжілісте Nur Otan партиясында 76 депутаттық мандат, «Ақ жолда» 12 депутаттық мандат, Қазақстан Халық партиясында 10 депутаттық мандат, Қазақстан халқы ассамблеясында 9 депутаттық мандат бар.

Айта кетейік, 2021 жылғы 10 қаңтарда республика бойынша учаскелерде дауыс беру сағат 20.00-де аяқталды. Республика аумағындағы сағат белдеулерінің шекараларына сәйкес бес өңірде (Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан, Қызылорда және Маңғыстау облыстары) дауыс беру астана уақыты бойынша сағат 21.00-де аяқталды.

Облыстық, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың сайлау комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес, 2021 жылғы 10 қаңтардағы астана уақыты бойынша сағат 22.00-дегі жағдай бойынша сайлау бюллетеньдерін тізімдерге енгізілген сайлаушылардың жалпы санының 63,3 пайызы алды.

Сондай-ақ 10 қаңтарда Мәжіліс пен мәслихат депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері жарияланды.

Мәжіліс депутаттарының сайлауында exit poll нәтижелері былай бөлінді:

  • Қазақстан Халық партиясы (ҚХП) – 9,03 пайыз дауыс;
  • Nur Otan партиясы – 71,97 пайыз дауыс;
  • «Ауыл» партиясы – 5,75 пайыз дауыс;
  • «Ақ жол» партиясы – 10,18 пайыз дауыс;
  • ADAL саяси партиясы – 3,07 пайыз дауыс.