Қазақстандық футбол клубының директоры көз жұмды

0
2015

Көкшетаулық «Оқжетпес» футбол клубының директоры Ерлан Бөтембаев 47 жасына қараған шағында көз жұмды, деп хабарлайды «Қызыл-Жар СК» командасының баспасөз қызметі.

Бөтембаев еркін күрестен спорт шебері және әскери джиу-джитсудан қара белбеуінің бірінші «сенсей» данын иеленген еді.

Ол көкшетаулық клубта 2018 жылдың ақпан айыннан істеген. Бөтембаев еңбек еткен уақытта «Оқжетпес» бірінші лигадан премьер-лигаға қайта көтерілген. Ал 2019 жылы Қазақстан чемпионатында жетінші болды, бұл команда тарихындағы ең жоғары нәтиже.

Бөтембаевтың неден көз жұмғаны айтылмады