Нұртөре мен Менендес….
Біздегі Сенаторлардың не істеп жүргенін білмеймін. Тірі жүрген өліктер ғой. Әйтеуір аман болсын.
Бірақ бүгін Нұртөре Жүсіп «супер жаңалық» ашыпты. Тағы бір телеарна ашуды ұсынған екен.
Осы Парламенттегі браттардың тірлігін түсінбей өтетін шығармын. Түрлеріне қарасаң оқыған, вроде тәжірибесі бар сияқты. Бірақ, болмайтын әңгімеге құмар.
Ұлттық қауіпсіздігіміз, әскеріміз, экономикамыз теңселіп тұр.
Жыл сайын:
Қорғаныс саласына 300 млрд,
Ішкі істер органдарына 400 млрд ақша бөлеміз. Бірақ, елдің басына күн туғанда өзге мемлекеттен әскери көмек сұраймыз. Осындай-осындай сорлы жағымызды беске білесіңдер.
Бірақ, Сенат секілді жоғары палатаның төрінде блогерлердің әңгімесін айтасыңдар.
Патриоттықтан ада ұрпақ өсіп келеді, содан сақтану үшін тағы бір телеарна ашайық дегеніңіз сандырақ емей немене?
Сіз де, Дана да кәсіби журналистсіздер. Сенаттағы цирктен жалықсаңыздар, өз арманыңыздағы детский телевидение ашып көріңіз. Бұл бағыттағы әлемдік нарықты толық зерттесеңіз, ол ойыңыздан сразу қайтарыңызға 100% сенімдімін. Просто телеарна аша салу дегеніңіз-Утопия.
Суреттегі АҚШ Сенаторы Роберт Менендес. Телевизорға ұрғаны бар. Ресейді соғыссыз, санкциямен ғана жеңуге болады деп тұжырым жасапты. Сөйтіп, Президент Джо Байденге, Ресейге қарсы экономикалық санкцияны екі есе арттыруды ұсынған екен. Осылайша, біз балаларымызға, жастарымызға жеңілуді білмейтін рух сіңіреміз деп ойлайды екен. Телевизор менің проблемам емес, онымен Ақ үйдегі идеологияға жауапты пацандар айналыссын депті 🤣
Общым, Сенатта сенаторлар отыру керек.
Авторры Ербол Мәндібек.