Сәләфизмнің бас идеологы немесе 20000 террористің артында кім тұр?

0
8517

«Асыл арна» діни телеканалы мен ұлттық арнадағы «Тәлім-Тренд»
бағдарламасының жетекшісі Мұхамеджан Тазабектің осыдан бір жыл бұрын құқық қорғау органдары өкілдері алдында сөйлеген сөзі (құйымшақ пен жамбастан тебу) Қазақстан жұртшылығын дүр сілкіндірді.
Дін өкілі мен құзырлы құрылым болып саналатын мемлекеттік мекеменің арасында қандай байланыс болуы мүмкін?
Соңғы жылдардағы қоғамдық-саяси оқиғалар мен хронология Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабындағы «Қазақстан Республикасы өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы — адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары» – деген сөздердің негізсіз,яғни тек сөз жүзінде екенін көрсетеді.
Тазабек сияқтылар құзырлы орган қызметкерлеріне еш кедергісіз діни дәріс оқып, 30 жыл бойы өз халқын әбден кедейлендірген немесе Жаңаөзенде мұнайшыларға қарсы ашықтан-ашық оқ атқан Назарбаев билігінің мүддесіне қалтқысыз қызмет етуі, одан қалса еш жасырмай жағымпазданып,керек болса митинг пен шеруге шыққандарға қарсы күш көрсетуге шақыруы,Қазақстанда демократия мен зайырлылық тек формальды екенін көрсетеді.
Осы арада бірнәрсені атап өткеніміз жөн, Тазабектің мұндай антидемократиялық ұстанымына,яғни халыққа ашықтан ашық қарсы шығуы — қалыпты құбылыс.
Өйткені Қазақстанның заманауи тарихында сәләфилік бағыттың ең шыңында НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВТЫҢ өзі тұр.
Оған дәлел сонау 2007 жылдың қазан айында Алматыда Құранның орыс тіліндегі жаңа аударманың тұсаукесері өтті. Кітаптың аудармасы «Ислам және ғылым: Құрандағы медициналық аспектілер» атты конференцияда ұсынылды. Аударманың авторы сәләфизм идеологиясының белді өкілі ЭЛЬМИР КУЛИЕВ болатын. Ал отандық БАҚ «Қасиетті Құраннның түсіндірмесі» «Ас-Саади тәпсірі» кітабының таралымы (әзірше) 10 мың дана болып, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен басып шығарылғанын жарыса жазған еді.
Атап айтқанда сәләфи Эльмир Кулиевтің бұл аудармасы Сауд мемлекетінің кезінде бас мүфтиі болған ИБН УСАЙМИННІҢ ұстазы,яғни қып-қызыл сәләфи-уахабит АБДУРАХМАН ибн НАСИР АС-СААДИ-дің сүбелі еңбегі екенін естеріңізге саламыз.
ОДАН ӘРІ
2018 жылдың 12 қыркүйегінде www.elarna.net порталында «Әсет Исекешев уаххабизмді қолдайды» деген, аты назар аударарлық мақала жарияланған болатын. Онда сол кезде жаңадан тағайындалған президент іс басқарушысы Әсет Исекешев ҚМДБ арқылы мүфтияттың Қазақстандағы барлық мешіттеріне авторы әзірбайжандық сәләфит Эльмир Кулиевтің«Қасиетті Құраннның түсіндірмесі» «Ас-Саади тәпсірі» кітабын… Елбасының өзінен сый ретінде таратқан делінген!
СОЛ АРАДА
Алматы облысы тұрғыны Абылайхан Шәлімбаев пен оның бауыры 2011 жылы дәп осы кітапты оқығаны үшін сотталады.
Абылайхан Шәлімбаевтың анасы жат идеологияны(сәләфизм) таратушы топтың толықтай жауапқа тартылғанын қалаймын, олардың кесірінен ұлдарым түрмеде отыр.
Демек Назарбаев аталмыш сәләфилік бағыттағы Құран тәпсірін сыйлық ретінде тегін таратады ,ал менің балам оны оқып, бұл үшін істі болады, бірақ Назарбаев пен оның биліктегі өкілдері ешқандай жазаланбайды, оларға қатысты ешнәрсе болмайды немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды?!
Солардың кесірінен қаншама жігіт сотталып кетті.Осы кітаптың арқасында қаншама жас Сирия мен Ауғанстанға аттанған жоқ па?!
Сәләфизм деген идеологияның тамыры мен негізін Қазақстанда кең етек жаюға басты себепші НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ,өйткені ол өзінің режиміне мүлтіксіз қызмет қылатын сәләфилердің экстремистік бағыттағы радикалды кітаптарын шығарып, үлкен аудиторияларда мыңдаған жастардың арасында дәстүрлі сенімімізге жат уағызды насихатауға жол ашты.
Нәтижесінде менің балам үйде шәй ішіп отырып, сәләфилік бағыттағы аталмыш кітапты оқыды, сол үшін экстремист деп танылды-дейді әділдікті аңсаған Күләш анамыз.
Сонымен қатар Күләш Шәлімбаева Дін істері агенттігіне жолдаған ашық хатына төраға орынбасары Бақытжан Құлекеев қол қойған мынадай жауап алған: «Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің комитеті Сіздің өтінішіңізді мұқият қарап, діни сараптама Құранның «Тәфсир Саади» түсіндірмелеріне теріс қорытынды бергенін хабарлайды.
Нормативтік құқықтық актілерге сәйкес Комитет теріс қорытынды берген діни әдебиеттерді Қазақстан Республикасының аумағында таратуға болмайды- делінген.
Мысалы ЭЛЬМИР КУЛИЕВ аударған уаххабилік сарындағы Құран тәпсіріне Өзбекстан Республикасында экстремистік салафиттік әдебиет ретінде тыйым салынған. Бұл түсінікті. Діни өшпенділіктен туындаған лаңкестік әрекеттер немесе азаматтық соғыс қаупі ешкімге қажет емес.
Алайда: «Неліктен Қазақстанда радикалды-деструктивті уаххабилік идеология ретінде ресми танылған діни әдебиет «тұрақтылық пен заңдылықтың кепілі» саналатын Елбасының тапсырмасы бойынша,яғни НҰРСҰЛТАН НАЗАРБАЕВ өзі басқаратын мемлекеттік қызметкерлердің жәрдемімен ашық насихатталып таратылады?» – деген сұрақ бәрімізді мазалап тұр.

«Дөңгелек Үстел» коалициясының үйлестірушісі:
БОТАГӨЗ ИСА..