Нұр-Сұлтанда екі күн ішінде 26 нысан жұмысы тоқтатылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

3 0 0

Қала әкімінің айтуынша, қазіргі кезде құрылыс маусымының әр күнін зая кетіріп алмау құрылысшылар үшін аса маңызды

НҰР-СҰЛТАН, 25 сәуір – Sputnik. Елорда әкімі Алтай Көлгінов қаладағы құрылыс нысандарын аралау барысында карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау басты талап екенін атады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Нұр-Сұлтандағы «Ақерке 2», «Баспана Көктал», «Зере 1» тұрғын үй кешендерінің құрылыс барысымен танысқан әкім нысандарда санитарлық нормаларды қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

«Басты талап – карантин режимінің ережелерін қатаң сақтау. Талап қатаң сақталмаған жағдайда, нысандардың жұмысы тоқтатылады. Құрылыс маусымын зая кетіріп алмау аса маңызды. Құрылысы ұзаққа созылған тұрғын үйлерді аяқтап, пәтер иелеріне кілттерін табыстау – басты міндеттердің бірі», – деді Көлгінов.

Қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан мәліметте, екі күн ішінде Нұр-Сұлтанда 26 нысан жабылған. Олардың басым бөлігі құрылыс компаниялары болып табылады.

Айта кетейік, жыл соңына дейін 8 мыңға жуық елордалық үлескер өз пәтерін алып, құжаттарын рәсімдей алады. Сонымен қатар, құрылысы ұзаққа созылған нысандар санын 20 үйге азайту жоспарланған.



sputniknews.kz