Нұр-Сұлтанда баланы ұрған тәрбиеші 27 мың айыппұл төлеп құтылады

0
124
Коллаж: Tengrinews.kz
Advertisement

Сот елордада баланы ұрған балабақша тәрбиешісінің әкімшілік ісі бойынша шешім шығарды, деп хабарлайды KzNews ақпарат агенттігі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

Қаланың мамандандырылған ауданаралық әкімшілік соты балабақша тәрбиешісі әкімшілік жауапқа тартылғанын хабарлады.

«Сот М. атты тәрбиеші кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын салғанын анықтады. Соттың 2020 жылы 17 қарашада шыққан қаулысымен М. ӘҚБтК-нің 73-2-бабы 1-бөлігі «Ұрып-соғу, тән ауруына ұшыратқан, бiрақ денсаулыққа жеңіл зиян келтiруге әкеп соқпаған ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерiн жасау» бойынша кінәлі деп танылды», – деп түсіндірді сот өкілдері.

Тәрбиеші 10 АЕК – 27 780 теңге көлемінде айыппұл төлеуі тиіс. Қаулы заңды күшіне әлі енген жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының білім басқармасы балабақша меңгерушісінің біліктілікті арттыру курстарында екенін, сондықтан басшының міндетін атқарушы тәртіптік жауапқа тартылатынын атап өтті.

Қыздың анасының айтуынша, 16 қарашада оған бақылау камераларындағы видеоны беруге уәде етілген, бірақ әлі күнге дейін алмаған. Тарап кеткен бейнежазбада тәрбиешінің балаға деген дөрекі қарым-қатынасы көрінеді. Кадрларда мұғалім алдымен қыздың қолын ұстап алады да кейін қолынан ұрып жібереді. Ол баланың үстіндегісін ауыстырған соң, киімін еденге тастайды, содан кейін итеріп жібереді.

Оқиға 21 қазанда № 84 мемлекеттік балабақшада болған. Бала 3 жас 9 айда. Оның ата-анасы балабақшадағы мұндай жағдайды қыздың өзі айтқанға дейін білмеген. Әйел қыздарына тамақ берілмеген жағдай туралы да айтты, басқалары тамақтанып отырғанда олардың алдында бос табақтар тұрған.

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз