Нұр-Сұлтанда 9 қабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

34 0 0

Тұрғын үй кешенін полицейлер күзетке алып, қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында тұрғындардың сыртқа шығуына тыйым салынған

НҰР-СҰЛТАН, 1 сәуір – Sputnik. Нұр-Сұлтанда 9 қабатты тұрғын үйдің кіреберісі карантинге жабылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Әзірбаев көшесіндегі көпқабатты 14-ші үйдің (Алматы ауданы) кіреберісі карантинге жабылды. Тұрғындарға алдағы екі апта бойы пәтерінен шығуға тыйым салынды. Кіреберіс қоршалып, полицейлер күзетіне алынған. Бөгде адамдардың кіруіне тыйым салатын белгі қойылды. 

Астанада коронавирус індетін жұқтырған тұрғындар тұрған үйдің кіреберістері қоршауға алынатыны бірнеше күн бұрын белгілі болған еді.

Оқи отырыңыз: Карантин күшейтіледі: Нұр-Сұлтан мен Алматыда тұрғындардың үйден шығуы шектелмек

Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі жергілікті билік халықты карантиндік шарттарды қатаң сақтау қажеттігі туралы алдын-ала хабардар етуі керектігін хабарлады.

Мұндай жағдайда тұрғындарға азық-түлік пен дәрі-дәрмектерді жақын дүкендер мен дәріханалардан сатып алуға рұқсат берілуі тиіс. Полиция бөліміне карантиндік кіреберісті тәулік бойы қорғауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Коронавирус індетінен Нұр-Сұлтанда 31 наурыз күні 50 жастағы науқас қайтыс болды. Оның COVID-19 дертінен басқа артериялық гипертензия және қант диабеті сияқты созылмалы сырқатымен қоса, инсулинге тәуелділігі болған.

26 наурыз күні 64 жастағы Ақмола облысының тұрғыны коронавирус дертінен көз жұмды. Ол қант диабетімен ауырған. Бұл Қазақстандағы алғашқы оқиға ретінде тіркелді.

Оқи отырыңыз: Біртанов карантиннің қай уақытқа дейін созылатынын айтты

Ал 1 сәуірде үшін адам Қарағанды облысында қайтыс болды. 62 жастағы ер адамда екі жақты пневмония дерті анықталып, тыныс алуы нашарлауы салдарынан көз жұмды.

Соңғы мәліметтер бойынша, елде коронавирустық инфекция жұқтырғандар саны 369 адамға жетті.



sputniknews.kz