Нұр-Сұлтанда 82 жастағы науқас коронавирустан жазылды

0

Елімізде аурудан жазылғандар саны 110 адамға жетті. Арасында Нұр-Сұлтан қаласының 82 жастағы тұрғыны бар

АЛМАТЫ, 13 cәуір –Sputnik. Қазақстанда коронавирустан тағы он бір адам жазылып шықты, деп хабарлады coronavirus2020.kz сайты.

Аурудан жазылғандар арасында Нұр-Сұлтан қаласының 82 жастағы тұрғыны бар. 22 наурызда оның коронавирус жұқтырғаны анықталып, көпбейінді медициналық орталықтың инфекциялық бөліміне орналастырылған.

«Науқасқа COVID-19, орташа ауырлықтағы екі жақты полисегментарлы пневмония, бірінші дәрежелі тыныс алу жеткіліксіздігі, өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, үшінші дәрежелі артериялық гипертензия, идиопатиялық подагра диагнозы қойылған», — делінген ақпаратта.

Науқастан екі рет сынама алынған. Нәтижелері теріс болған.

Оқи отырыңыз: ШҚО-да коронавирустан қайтыс болған әйелге қатысты ақпарат шықты

Сонымен қатар Нұр-Сұлтан қаласында 5 адам, Атырау облысында 3 адам, Қызылорда облысында 1 адам, Маңғыстау облысында 1 адам ауруынан айықты. Осылайша елімізде аурудан жазылғандар саны 110 адамға жетті.

Соңғы ақпарат бойынша, елімізде 973 адам коронавирус жұқтырды, 11 адам қайтыс болды.



sputniknews.kz