«Біз сіздерге тексеріспен ораламыз»: Еңбек министрі жұмыс берушілерге үндеу жасады — Қазақстан жаңалықтары

0

42 500 теңге мөлшерінде мемлекеттік төлемдер үшін жұмысшылардың дұрыс емес тізімдерін ұсынған жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылады. Бұл туралы орталық коммуникациялар қызметінде ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Министрдің айтуынша, егер жұмыс беруші демалысқа жіберілген қызметкерлерді тізімге енгізсе, ал жұмысшылар қашықтан жұмыс істеп, мемлекеттен төлемдер алса, бұл заң бұзушылық болып саналады.

«Мәлімдемеде кірісті жоғалтқаныңыз туралы ескерту бар. Жұмыс беруші үшін бұл жауапкершілік туралы ескерту. Жұмыс берушілер, біз сіздерге оралып, бәріе тексереміз. Сіз бұған жауап бересіз», — деп ескертті еңбек министрлігінің басшысы.

Министр мемлекет төлемдерді есептеу процедурасын әдейі жеңілдеткенін, ал өтініш берген әрбір қазақстандық сенімді деректерді беру жауапкершілігін ұмытпауға тиіс екенін атап өтті.

Сондай-ақ, еңбек министрлігінің басшысы жеке кәсіпкер мәртебесіне ие қазақстандықтарға жүгінді. Ол елде ЖК қызметін ашқан көптеген азаматтар бар екенін атап өтті. Сонымен қатар, бұл азаматтар аталған адамдарға салық төлемейді.

«Адамдардың «керек болып қалады», деп ЖК ашқаны дұрыс емес. Бұл жағдайда жалғыз шешім бар, ол ЖК-ны жауып, 42 500 теңге жәрдемақыға өтініш толтыру. Біз салық қызметімен бұл фактіні тез арада алудың жолдарын қарастырудамыз», — деді Біржан Нұрымбетов.

13 сәуірдегі жағдай бойынша, Қазақстандағы 3 миллион 703 мың адам 42 500 теңгеге 4 миллион 900 мың өтініш берді. Оның ішінде бір миллион 779 мың адам мемлекеттік көмек алды. Бұл үшін мемлекеттік қордан 75 миллиардтан астам теңге бөлінді.

stan.kz