Не тасып жүргенімді өзім білмедім: Қайрат Нұртасқа есірткі делдалы болған қыз шындықты жайып салды (фото)

1
98266
Advertisement

Әлеуметтік желідегі парақшасында Ораз Әлімбеков Гаухар Мұса есімді қыздың қолхатын жариялады. Ақпараттың рас-өтірігі әлі белгісіз. Ресми органдардың да түсініктемесі жоқ.

Хатта өзін Гаухар Мұсамын деген қыз «Есірткі шегетінім рас, бірақ оны тасымалдаған емеспін, әншілер мен есірткі сатушылар арасында делдал болдым, бірақ есірткі тасымалдап жүргенімді өзім білмедім» деп мойындайды.

“Мен өзімді ақтамаймын, синтетикалық есірткіні қолданғанымды мойындаймын. Бірақ оны тасымалдаумен айналысқан жоқпын. Мен әншілер Қайрат Нұртас, Арғын Аусаров (Argonya), Амантай Әбеновтің (Әбеке) өтініші бойынша алдым. Алдын ала төленген немесе салған ақшаларын сатушыларға жіберіп, яғни осы адамдарға тауып беріп отырдым. Басқа ешкімге өткізген жоқпын.

Бірақ оларға тиісуге қорқады және оларға тиіскендерін қаламаймын да (құзырлы органдарды меңзегені, – ред.). Алайда мені де есірткі тасымалына айыптаудың қажеті жоқ. Бұл жолы да солай болды, маған Арғын Аусаровтың атынан (Argonya) Полиция департаментінің жансызы хабарласқан болып шықты.

Есірткімен күрес бөлімінің бастығы, атын білмеймін, бірақ көздері ойнақшып тұрады, сол менен Астана қалалық Полиция департаментінде әншілер туралы айтпауымды сұрады. Менің тек есірткі қолданды деген айыппен түрмеге қамалмайтынымды айтып алдады.

Ал егер оларды айтсам, іс көпке созылады, қиындап кетеді. Ал қазір мені есірткі тасымалдау бойынша айыптап жатыр екен және үлкен мерзім берілуі мүмкін”, – деген Гауһар Мұса өзінің осы сөзін көпшілікке жариялауды адвокатына сеніп тапсырған.