Назарбаевтың нағыз жаулары кім?

0
13611

Әлеуметтік желіде азаматтық қоғам тарапынан бұрынғы президент Н.Назарбаевқа қатысты, Назарбаевқа қарата жазылатын дүниелер аз емес. Сондай жазбалардың бірін таяуда Facebook  парақшасында жұртқа «Төртуыл Шоқан» атымен танымал  Нұржан Жолдыбекұлы жариялады. Авто өз жазбасында Назарбаевтан бірнеше қоғамдық проблеманы шешіп беруді сұрайды.

Нұрсұлтан Әбіш ұлы! Қазақ деген момын елді 30 жыл басқардыңыз! Билікке келген күніңізден бастап көз алдымыздасыз! Ақымақ адам жоқ. Барлық жағдаяттар куәсіміз! Қазақ тарихында, Ел есінде қалатыныңызға күмән жоқ. Құдай атаулының, «о дүнияның» жоқтығы, сұрақ—жауаптың болмайтынын сіз жақсы білесіз!

Ал қазақта бар —Шежіре түгендеу ісін ешкімде жоққа шығара алмайды!Есіміңіз ел есінде— жақсы мағынада— мыңдаған жылдар сақталуы үшін жасауыңыз керек жалғыз-ақ жақсылық—өзіңіз басқарған 30 жыл ішінде халқыңыз алған кредиттерді кешіру! Міне, сіз үшін «жақсы атанудың..» жалғыз-ақ мүмкіндігі осы!

Сіз басқарған 30 жылда—мемлекеттік қызметте жүріп байығандар саны көбейді!1 млн ₸ жалақы алып жүріп долларлы млрдер атану мүмкін емес екені айдан анық. Халыққа жұмыс беруге тиісті болған ірі кәсіпкерлер—жұмысшылары еңбекақысын жеп— зарлатып жүріп байыды. Халыққа тиесілі қазынаның бірбөлігі солардың қолына өтті.

Осындай саясат пен келіспеген Заманбек, Алтынбек, Асхат  т.б ажал құшты…Сіздің төңірегіңізде жүргендер сізге: «халықты осылай басқару керек. Сіз дұрыс жолдасыз. Өкінетін дәнеңе жоқ..» деп айтып жүргендері анық. Біліңіз! Олар сізге дос емес, жау адамдар!

Нұрсұлтан Әбіш ұлы!

Сізді, Қазақстандықтардың 90% «жақсы адам..» деп есептемейді! Күні үшін жағымпазданған басқа ұлттар сөзіне нанып—мастанып жүрмеңіз! Сізге әділ бағаны, «өзіңізге осы билікті алып берген..» қазақтар-ғана бермек! Әлем елдері алдындағы танымалдығыңыз 80% болса, беделіңіз соның 8% на қарайлас..

Нұрсұлтан Әбіш ұлы! Осы олқылықтардың орнын толтырудың жолы, соңғы мүмкіндік —

  1. жиыны 200 млрд долларға халыққа жағдай жасау, осы күнге дейін алған кредиттерін кешіру!
  2. Бұдан былай—көпбалалы аналарға сапалы үйлерді өсімсіз, яғни пайызсыз несиелер есебінен беру шешімін шығару;
  3. Жастарға, бизнес жоспарларына сәйкес 2% өсіммен несиелер беру шешімін шығару;
  4. Өзіңіз жүргізген саясатқа сын айтып—қамалған адамдарды ақтау, қудалауды тоқтату!

Міне, Сіздің тарапыңыздан осы 4 бағыттағы іс—қимыл жасалса—Сізді халқыңыз кешіреді! Дәл осы істі жасасаңыз—Ел ішінде, Орта Азия елдері арасында, халықаралық аренада беделіңіз өсетініне 100% кепілдік! Жиған байлығыңыз осы дүнияда қалады, «о жаққа» ештеңе алып кетпейсіз!

Мен Сізге «екінің бірі қолы жете бермейтін бақыт иесі..» екеніңіз үшін қызығамын!Ал, жіберген қателіктеріңіз үшін жаным ашиды! Өміріңіз соңы жақсы аяқталғанын, ел есінде «ақылды басшы ретінде қалғаныңызды..» қалаймын!

Автор: жанашыр ініңіз, Нұржан Жолдыбек ұлы.