Назарбаева мен Әлиевтің үйіне қатысты дау: министр жауап беруге қиналды

0
11

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

4 0 0

Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі (NCA) Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы үйін бұғаттады

НҰР-СҰЛТАН, 11 наурыз – Sputnik. БАҚ өкілдері әділет министрі Марат Бекетаевтан Лондонда Дариға Назарбаева мен оның үлкен ұлы Нұрәлі Әлиевке тиесілі үйдің бұғатталуы туралы сұрады. Алайда ведомство басшысы мардымды жауап бере алмады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

«Жеке сот процестеріне түсініктеме беру үшін оның аяқталғанын күту керек. Бұл процестің барлық материалын зерделеу қажет. Кәсіби заңгер осыдан кейін ғана өз пікірін білдіре алады. Және ол оның пікірі болады», – деп түсіндіргендей болды министр мәжіліс кулуарында.

Ал министрлік осы активтердің заңдылығын анықтауға мүдделі ме деген сұраққа сұрақпен жауап қайтарды.

«Бұл мәселе әділет министрлігінің құзыретіне жата ма? Қазір бұл мәселеге түсініктеме беруге менің құқығым бар ма? Осы мәселеге түсініктеме беруге мен құқылымын ба? Сот процесі аяқталмағандықтан, мен ешқандай материалмен және құжатпен таныспағандықтан, бұл сұраққа жауап бермеймін. Сол себепті сіздерді журналистік этиканы сақтап, нақты лауазымды тұлғалардың құзыретіне кіретін сұрақтарды қоюға шақырамын», – деді Бекетаев.

Айта кетсек, Ұлыбританияның қылмыспен күрес жөніндегі ұлттық агенттігі (NCA) Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың жиені Нұрәлі Әлиевтің Лондондағы үйін бұғаттады. Агенттік Әлиевтің үйге ақшаны қайдан алғанын көрсетуді талап етіп отыр.

Тағы оқыңыз: «Анасының трагедиясы»: Билік Айсұлтан Назарбаевтың шулы жазбаларына баға берді

Баспананың құны – 80 миллион фунт стерлинг (41 миллиард теңгеге жуық). Іс Лондонның Жоғарғы сотында қаралып жатыр. Кейінірек BBC зәулім үйде Назарбаевтың үлкен қызы, сенат спикері Дариға Назарбаева, Нұрәлі Әлиев әйелі Аида және балаларымен бірге тұратынын хабарланды.



sputniknews.kz