Коронавирус жұқтырғаны үшін зерттеушілер ақша төлемекші — Қазақстан жаңалықтары

0

Ұлыбританияда еріктілерге коронавирус жұқтырғаны үшін 3500 фунт (шамамен 1,8 миллион теңге) төлемекші. Бұл жағдай ғалымдарға вакцинаны ойлап табу үшін қажет екен, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

коронавирус тәжірибе

Лондонда орналасқан Queen Mary био-өндіріс инновациялық орталығын тәжірибе үшін 24 адамды іздеп жатқан көрінеді. Олардың ағзасына арты өлімге апаратын вирустың жеңіл штамдары енгізіледі деп жоспарлануда. Содан кейін еріктілердің денесіне жаңадан ойлап табылған препарт енгізіліп, артынша карантинге жатқызылады.  

Қазіргі таңда Ұлыбританияда 35 вакцина жасалып жатыр екен. Бұған қоса Ұлыбританияның үкіметі коронавируспен күресу үшін тағы 46 миллион фунт (шамамен 23 миллиард) бөлу туралы уәде беріпті. 

Десек те сарапшылар вакцина дәл уақытында мақұлданады дегенге күмән келтіріп отырған сыңайлы. Себебі екпе клиникалық сараптамадан өткенше ауру қарап отырмайды дейді олар. 

Вакцина ойлап табуға еріктілерді тарты елде үшінші 60 жастағы тұрғыннын қытайлық инфекциядан көз жұмуы себепші болған. Ресми ақпараттарға сәйкес, қазір Ұлыбританияда  сырқаттанған 280-ге жуық азамат тіркеліпті.

Қомақты сомаға ие болу үшін еріктілер екі аптаға карантинге жабылып, тиісінше диетаны ұстануы шарт. Оларға спортпен шұғылдануға және туыстарымен қарым-қатынасқа түсуіне тыйым салынған. 

Бұған дейін АҚШ-тың Сиэтл қаласының зерттеушілері де ауруға қарсы ем табу үшін еріктілерды тартыпты. 

Ұлыбританиялық ғалымдардың зерттеуі сәуір айының соңында басталып, сынақтың өзі 14 айға дейін созылуы мүмкін. 

Еске салайық, қазіргі таңда коронавирусқа шалдыққандардың саны 110 мыңнан асып отыр. Ауру осы уақытқа дейін 3000-нан астам адамның өмірін қиыпты.

 

 

stan.kz