ДСМ: 11-22 наурызда қазақстандықтар демалады деген ақпарат жалған — Қазақстан жаңалықтары

0

WhatsApp желісі арқылы қазақстандықтар үшін наурыздың 11-22 аралығында карантин жарияланады, сол себепті бұл күндері демалыс юолып жарияланды деген ақпарат жаппай тарала бастады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

2 жылға дейін бас бостандағынан айырылып немесе 5 млн теңге айыппұл төлеуі мүмкін: Аягөз тұрғыны ұятсыз видео таратқаны үшін ұсталды

«Денсаулық сақтау министрінің үкімімен 11-22 наурыз аралығында демалыс жарияланады», — делініпті хабарламада.

Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Диас Ахметшәріп бұл хабарламаны жоққа шығарды. 

«Бұл — ақпарат жалған. Қазақстандықтардың қай күндері демалатындығын үкімет шешеді», — деп мәлімдеді Ахметшәріп. 

Еске салайық,  алдағы уақытта еліміздің тұрғындары 21-25 наурыз аралығынада демалысқа шығады.  

stan.kz