Назарбаев коронавирустан кейін не болатынын айтты

0

Қоғам

Қысқа сілтеме алу

7 0 0

Қауіпсіздік кеңесінің отырысында коронавирус эпидемиясымен күрес шаралары кеңінен қаралды. Сондай-ақ, экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі мәселелер сөз болды

НҰР-СҰЛТАН, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев бейнебайланыс арқылы Қауіпсіздік кеңесінің кезекті отырысын өткізді, деп хабарлады Елбасының ресми сайты.

Отырыс кезінде коронавирус эпидемиясымен күрес шаралары кеңінен қаралды. Сондай-ақ, экономиканы қалпына келтіру және дағдарыстан кейінгі мәселелер сөз болды. 

Елбасы жер-жаһандағы жағдайдың үрей туғызатын сценариймен өрбіп жатқанын жеткізді. Осы орайда ол Халықарлық валюта қорының болжамын еске алды. Қор сарапшылар бүгінгі «Ұлы карантинді» өткен ғасырдағы «Ұлы депрессиямен» салыстырды. Алдағы уақытта 170 мемлекетте адам басына шаққанда халықтың табысы төмендейді. Экономикасы әлсіз елдерге оңай болмайды деген болжам жасалған.   

«Осы тоқсанда сарапшылар пандемияның шарықтау шегі мен экономикалық дағдарыс қатар болады дейді. Бұл Екініші дүниежүзілік соғыстан кейін өнеркәсіптік өндірістің ең қатты құлдырауы болады», — деді Назарбаев.

Оның айтуынша, жақын арада барлығын қиын сынақ күтіп тұр. Қазақстан да одан тыс қалмайды.   

«20 сәуірде тарихта алғаш рет мұнайдың бағасы минусқа кетіп қалды. Әлемдік нарықтардың балансы бұзылды. Болжамға сәйкес, пандемия мен жалпыға ортақ өндірістік құлдыраудан кейін жаһандық қаржы дағдарысы болады. Одан кейін әлемдік азық-түлік дағдарысы болуы мүмкін. Осының бәрі шиеленіс тудырады», — деп атап көрсетті Назарбаев.



sputniknews.kz