«Музарт» тобы мұқтаж жандарға көмек көрсетті (видео) — Қазақстан жаңалықтары

0

«Музарт» тобы қайырымдылық жасауды қолға алды. Олар үш жүз азық-түлік жәшігін таратты. Осылайша бастаманы қалтала азаматтарға жолдады.

«Береке басы бірлікте! Біздің ел, басына түскен барлық қиындықты бекем бірлігі және жүректегі мейірімнің арқасында жеңген. Кеше Музарт тобының атынан үш жүз қайырымдылық жәшіктерін тараттық. Ішінде аз күнге болса да жететін азық-түлік бар. Азда болса көптей көріңіздер қадірлі ағайын. «Жақсылығына жарнама жасап жатыр, карантинде үйінде неге жатпайды»- деп, әлдебіреулер сияқты теріс пиғылға бұрмаңыздар. Қиындықта бір-бірімізге қол ұшын созайық. Қасиетті Рамазан айы құтты болсын. Ұстаған оразаларыңызды Алла Тағала қабыл етсін. Қазіргі уақытта неше түрлі челлендж, эстафеталар жүріп жатыр. Біз осы ісімізбен қалталы азаматтарға үндеу жолдаймыз. Маңайымызға қол ұшын созып, қиналып жүрген жандарға көмектесейік. Жақсылық жасап жарысайық. Аман болыңыздар!», — деп жазды Мейрамбек Бесбаев желіде. 

Желі қолданушылары алғсын жаудырып, ақ тілегін айтып жатыр. 

«Алла разы болсын! Отбастарыңыз аман, бауырыңыз бүтін болсын! Оразаңыз қабыл болсын!».

«Алла сауаптан мың еселеп жазсын ағалар».

«Ораза қабыл болсын алла разы болсын бұл қиындықта артта қалар не берсе алла қайырымын берсін қайырымдылық жасап жатқандарың қабыл болсын алланың нұры жаусын жақсы күндеріміз көп болсын», — деп жазды олар. 

stan.kz