Назарбаев Еурокомиссияның экс-төрағасымен кездесті – Ел жаңалықтары

0

Нұрсұлтан Назарбаев Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы Жозе Мануэль Баррозумен кездесті, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Жозе Мануэль Баррозуға Астана клубының отырысына келгені үшін ризашылық білдірді.

Мемлекет басшысы Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасының Қазақстан мен Еуропа одағы арасындағы қарым-қатынастарды нығайту ісіне қосқан үлесін атап өтті.

«Мен Сізбен тағы да жүздесіп отырғаныма қуаныштымын. Сіз әрдайым Қазақстанға қолдау көрсеттіңіз. Соның арқасында еліміздің Еуропа одағымен серіктестігі жөніндегі келісімге қол қойылды. Қазіргі таңда бұл құжат ратификациялану үдерісінен өтіп жатыр», – деді Қазақстан Президенті.

Жозе Мануэль Баррозу кездескені және Астана клубының жұмысына қатысуға шақырғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.

«Сізбен қайта кездесу – мен үшін зор мәртебе. Брюссельге тарихи сапармен келгеніңіз есімде. Сол кезде Қазақстан мен Еуропа одағы арасында ынтымақтастық орнату жөнінде тарихи шешім қабылданған болатын. Бүгінде Қазақстанның тұрақтылықты сақтап, өңірде маңызды рөл атқарып отырғанын көргеніме қуаныштымын», – деді Еуропалық комиссияның бұрынғы төрағасы.

Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз