Атырауда күдікті азамат шекарашыны пышақтап кетті

0

Атырау шекара отрядының «Сазды» шекара заставасында күдікті адамды ұстау барысында шекарашылар қару қолдануға мәжбүр болған деп жазады Baq.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: dzr.city

Көрнекі фото: dzr.city

Оқиға 10 қараша күні болған. Шекара маңындағы ауыл тұрғыны «Сазды» шекара заставасына қоңырау шалып, Мемлекетттік шекара сызығы маңынан күдікті азаматты көргенін айтыпты. Артынша аталған орынға шекара наряды жіберілген.

«Бейтаныс адамға иыққабының ішінде не бар екенін көрсету туралы талап қойылған. Ал күдікті бұл ескертуге жауап ретінде шекарашыға пышақ сілтеп, жаралаған.

Өзін қорғау мақсатында және күдіктіні қолға түсіру үшін шекара нарядының басшысы табельді қаруынан оқ атып, шабуыл жасаушыны құлатқан.

Ұсталған адамға Қиғаш ауылының фельдшері алғашқы медициналық көмек көрсеткен соң әрі қарай шекара наряды оны Құрманғазы аудандық емханасына медициналық көмек көрсету үшін алып кетті» — делінген Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жаралы офицер Ресейдің Астрахань облысындағы Красный Яр елдімекенінің ауруханасына жеткізілген.

Ота жасалған соң әскери қызметкер медициналық мекеменің хирургия бөліміне жатқызылыпты. Қазір шекарашының жағдайы орташа.

Аталған оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.


Қызықты оқиғалардан үнемі хабардар болғыңыз келе ме?
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыздар!


Сіздің реакцияңыз

Спасибо за Ваше мнение
Вы уже голосовали


Тағы да оқыңыздар