Наурыз мейрамы биыл қалай тойланады

    0
    67

    Қазақстанда 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерге тыйым салынады

    НҰР-СҰЛТАН, 12 наурыз – Sputnik. Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов Наурыз мейрамын тойлауға қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

    «Науры – біздің ең үлкен мейрамымыз ғой. Бірақ өмірдің қауіпсіздігі – басты мәселе. Сондықтан қазір азаматтардың барлығына бас қоспаңдар деп айту қиын. Себебі қазақ бұрыннан бері бір-біріне барып, амандасып, қал-жағдайды сұрастырған ғой. Ал Наурызға байланысты үлкен тойлардың бәрі, көп адамдар жиналатын жерлерге тыйым салынады. Бірақ адамдардың бір-біріне барып, көрісуіне, бір-бірін құттықтауына ешқандай шектеу қойылмайды», – деді Тоғжанов арнайы баспасөз мәслихатында.

    Оның сөзіне қарағанда, адамдардың бір-біріне баруына тыйым салу қиын. Оны ешкім қадағаламайды.

    «Әрине, әрбір адам өзін ғана ойламауы керек. Әрбір азамат өз жанұясын ойлауы керек, айналасындағы ағайындарын ойлауы керек. Сондықтан ағайындар бір-біріне барып, құттықтап жатса, онда тұрған ештеңе жоқ деп ойлаймыз. Ал бұрынғдай мың адам жиналатын үлкен шараларға тыйым салынады», – деп атап көрсетті Тоғжанов.

    Тоқаевтың тапсырмасы

    Бүгін Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің әлеуметтік желідегі парақшасы арқылы қоғамдық шаралардың уақытша тоқтатылатынын мәлімеді. Осыған байланысты коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия қосымша шаралар әзірледі. 13 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларға, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени-көпшілік шаралар, конференциялар, семинарлар мен көрмелерді өткізуге тыйым салынады.

    Бұдан бөлек, барлық қоғамдық ұйым тиісті режимге көшетін болады. Жалпы, келесі шаралар қарастырылған:

    • Денсаулық сақтау ұйымдары, қоғамдық көпшілік орындары, білім беру ұйымдары халыққа қызмет көрсету орталықтары, қоммуналдық шаруашылық, тамақ өнекәсібі орындары, базарлар, қонақ үйлер, әуежайлар мен вокзалдарда күшейтілген санитарлық-дезинфекциялық режим енгізу;
    • Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі адамдарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға шектеу қою;
    • Каникул кезінде оқушылардың өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауына тыйым салу;
    • Қоғамдық көлікті жуу мен дезинфекциялау, орта білім беру ұйымдарының каникулға 2020 жылдың 16 наурыздан бастап 5 сәуір аралығында шығуын қамтамасыз ету;
    • 16 наурыздан бастап колледж бен жоғары оқу орындарын қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру;
    • 1″а», 1″б», екінші және үшінші санаттағы елдерге халықаралық спорттық, мәдени туристік шараларға тыйым салу сияқты уақытша шектеу енгізу.



    sputniknews.kz