Қазақстанда мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап демалысқа шығатын болды — Қазақстан жаңалықтары

0

Қазақстанда жаппай адамдар жиналатын іс-шараларды тоқтату туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар мектеп оқушылары 16 наурыздан бастап шығаты айтылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Елімізде оқушы санының көптігіне байланысты мектеп директорларын жазалап жатыр

Бұл туралы премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжанов мәлімдеді.

«Біріншіден, 10 наурыздан бастап көпшілік іс-шараларды, соның ішінде мерекелік, спорттық, мәдени шаралар, конференциялар, көрмелер өткізуге тыйым салынады. Екіншіден, денсаулық сақтау, білім беру объектілерінде және қоғамдық көпшілік орындарда, халықты қамтамасыз ету орталықтары, коммуналдық шаруашылық, тамақ өнеркәсібі, сауда, базарларда қоғамдық тамақтану, вокзалдар, әуежайлар, қонақ үйлерде күшейтілген санитарлық дизенфекциялық режим орнату. Қарттар мен мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған медициналық-әлеуметтік нысандарға, әлеуметтік оңалту орталықтарына, мүгедек балаларға арналған оқу орындарына баруға тыйым салынып, ол жерлерге күшейтілген санитарлық- дизенфекциялық режим енгізу. Каникул кезінде оқушыдарға өңірден тыс жерлерге экскурсия жасауға тыйым салу, қоғамдық көліктерді жуып, дезинфекция жасау. Орта білім беру орындары каникулға 2020 жылы 16 наурыз — 5 сәуір аралығында шығу, 16 наурыздан бастап колледждер мен ЖОО-дар қашықтықтан оқытуға, оның ішінде білімді бағалаудың барлық түрлерін қашықтықтан жүргізуге ауыстыру қажет», — дейді вице-премьер Ералы Тоғжанов.

Еске салайық, бұған дейін шенеунік сауда орталықтарындағы кинотеатрлар өз жұмысын тоқтатады деп мәлімдеген еді. 
 

stan.kz