NASA жерге қауіпті астероидты көрсетті

0
NASA жерге қауіпті астероидты көрсетті


NASA ғарыш агенттігі Жер шарына қауіпті саналатын Бенну астероидын видеоға түсірді.  Бұл ролик НАСА-ның «Твитердегі» ресми парақшасында жарияланды.

Астрономиялық нысанның айналып тұрған бейнесін OSIRIS-REx ғаламшараралық станцияның көмегімен түсіріп алған. Роликті жасау үшін аппаратқа екі жылда екі миллиард мильді жүріп өту керек болған.

OSIRIS-REx жерге 2023 жылдың қыркүйегінде оралады деп жоспарланған. Астрономдардың есептеуіне қарғанда, ғарыш денесі 2182 жылы біздің ғалам шарға жақын келеді.

500 метр болатын Ғарыш денесін Массачусетс технологиялық институтының ғалымдары ашқан. 2013 жылы Бенну Жер бетіне ең қауіпті нысан ретінде қарастырылған — оған дейін бұл атақты Апофис астероиды иеленген болатын.