Мүсірепов атындағы театрға жаңа басшы келді
Бүгін, Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің бұйрығымен, Ғ.Мүсірепов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық балалар мен жасөспірімдер театрының директоры қызметіне Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, актер, тележүргізуші, продюсер Азамат Сатыбалды тағайындалды. Бұл туралы театрдың ресми парақшасы хабарлады.
1977 ж. Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауылында дүниеге келген.
2000 ж. дипломдық жұмысын қорғауға Қостанай облыстық драма театрына жіберіліп,
2001 ж. дипломын алып, Қазақтың Мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына жұмысқа орналасты.
Сахнадағы негізгі рөлдері:
Ұлттық классика мен заманауи драматургияда: М.Әуезовтің «Абайында» Айдар, «Қарагөзінде» Нарша (реж. Б.Атабаев), «Еңлік-Кебегінде» Кебек (реж. Х.Әмір-Темір), «Қилы заманында» Хлыновский (реж. Ә.Рахимов), Д.Исабековтің «Жаужүрегінде» Долгоносов (реж. Е. Обаев), Ғ.Мүсіреповтің «Махаббат дастанында» («Қозы Көрпеш-Баян сұлу») Қозы (реж. Қ.Сүгірбеков), Р.Мұқанованың «Мәңгілік бала бейнесінде» Құмар (реж. Б.Атабаев), Т.Нұрмағанбетовтің «Қожанәсір тірі екенінде» Түрікмен (реж. О.Кенебаев), «Ескі үймен қоштасуында» Доскел (реж. Е.Обаев), Ә. Таразидің «Ақын… Періште… Махаббатында» Медбрат (реж. Ә.Рахимов), И.Сапарбайдың «Қыз мұңы» қойылымында Ғазиз (Реж. Е.Обаев, Т.Аралбай), Е.Жуасбектің «Күлеміз бе, жылаймыз ба?» комедиясында Коля (реж. М.Ахманов), Т.Әбдіковтың «Ардагерінде» Ұлы (реж. Е.Обаев, Е.Нұрсұлтан), Р.Отарбаевтың «Сұлтан Бейбарысында» Бейбарыс (реж. Ю.И.Ханинга-Бекназар), Ж.Ерғалиевтің «Қас қағым» драмасында Дәрігер (реж. Е.Нұрсұлтан), И.Ғайыптың «Қорқыттың көрінде» Қорқыт (реж. И.Вайткус), Қолғанат Мұраттың «Бақыт кілті» драмасында Бауыржан (реж. Е.Обаев) т.б.
Әлемдік классика мен заманауи драматургияда: Шекспирдің «Ромео мен Джульеттасында» Тибальт (ауд. Ә.Кекілбаев, реж. О.Салимов), «Гамлетінде» Гамлет (реж. Ю.Ханинга-Бекназар), Г.Гауптманның «Ымырттағы махаббатында» Эгмонт Клаузен (реж. Р.Андриасян), Н.Хикметтің «Фархад-Шырынында» Фархад (реж. А.Әшімов), М.Байджиевтің «Қылмысында» Сағын (реж. О.Ақжарқын-Сәрсенбек) т.б.
Театрдың дәстүрлі «Театр көктемі» фестивалінің бірнеше мәрте жүлдегері.