Шымкентте пробация орталығы ашылды

0
76

2018 жылғы 26 желтоқсан 13:14 161

Шымкентте пробация орталығы ашылды

ШЫМКЕНТ. ҚазАқпарат – Шымкент қаласында пробация орталығы ашылды. Орталықтың ашылу салтанатына қала әкімі мен қала прокуроры және Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің басшылары қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сотталғандарға көмек көрсететін орталық ҚР Бас прокуратураның «Ресоциализация: Сен қоғамға керексің!» жобасы аясында қолға алынып отыр. Орталықтың өзге пробация үйлерінен артықшылығы, жұмыспен қамту орталығының, денсаулық сақтау және білім беру саласының мамандары, сондай-ақ психолог пен социолог  бір орталықта қызмет көрсетеді. Қабылдауды «бір терезе» қағидасы негізінде жүргізудің нәтижесінде  есепте тұрған тұлғаларға көрсетілетін қызметтер 4-5 күннен 1-2 сағатқа дейін қысқартылған.

«Орталықта пробациялық есепте тұрған 1134 адамға – психологиялық,  63 адамға – құқықтық, оның ішінде 35-іне жергілікті атқарушы орган тарапынан бөлінген квота бойынша жұмысқа орналасу үшін құжат дайындауға көмек көрсетіледі»,- деді Мақсат Қожабаев.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz