Ғалымдар: Тіс пастасы, сусабын мен сабынның құрамындағы заттар балаларды сүт безінің және жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне алып келеді

0

АҚШ-тағы Калифорния университетінің ғалымдары тіс пастасы, сусабын мен сабынның құрамындағы химиялық заттардың әсерінен балалардың ерте жыныстық жетілуіне алып келуі мүмкін екенін анықтады.

Өз кезегінде бұл психикалық ауру, сүт безінің және жыныс мүшесінің қатерлі ісігіне шалдығуына ықпал етеді, деп хабарлайды The Star басылымы.

Зерттеуге 388 қыз бала қатысқан. Мамандар олардың денсаулығын туылғаннан бастап жасөспірім жасына жеткенше бақылапты.

Осы орайда ғалымдар балалардың организмінің дамуы мен өсуіне әсер ететін факторларды анықтады. Зерттеуге қатысқан қыздардың ерте жетілуі ретінде омырауының өсуі мен 8 жасқа дейін етеккірінің келуі есепке алынған.

Мамандардың сөзінше, көптеген жылға созылған зерттеу барысында қыздардың ерте жетілуіне жеке гигиенаға арналған құралдардың құрамындағы фталаттар, парабендер мен фенолдар тәрізді химиялық заттар әсер ететіні байқалған. Бұл заттардың әрекеті эндокриндік жүйенің қызметін бұзатын гормондардың әрекетін еске салады. Алайда ғалымдар олардың организмге нақты әсерін анықтау үшін әлі де зерттеулер жүргізу керектігін айтып отыр.

 

Источник: Stan.kz