«Мұқалмас» елде не себепті қызу талқылануда?
Соңғы уақытта желіде тәуелсіз бақылаушылардың айналасында жаңалықтар көп байқалуда, сол себепті шын мәнінде не болғанын анықтап өтейік.
Шындығында, толығымен тәуелсіз болып келетін бақылаушылар бірауыздан ешкімді келе жатқан сайлауға Президенттікке кандидат ретінде ешкімді насихаттамаймыз деп шешім қабылдады.
Бірақ басқарма төрағасы бәрін өзінше шешті.
Күтпеген жерден Ақайдар Ерімұлы ұйым атынан хаттаманы қолдан жасап, оны ОСК-ға Нұржан Әлтаевтың мүдделерін қолдай отырып тапсырды.
Бұл туралы білген ұйым мүшелері, әрине, шу шығарды, өйткені бұл елдегі барлық филиалдар басшыларының шешіміне қайшы келді. Сондықтан бұл мәселе сотқа жетіп, хаттаманың күші тоқтатылды.
«Мұқалмас» РҚБ басқарма мүшесі Ғазиза Кеңесбекқызы барлық қажетті құжаттарды ұсынып, бәрі қолдан жасалғанын нақты дәлелдеді. Осыдан кейін сот шешімімен елордада брифинг өтті. Онда Ғазиза Кеңесбекқызы Ысымұлының Әлтаевтың мүддесін неге алға тартқаны және тәуелсіз бақылаушылардың беделін сатуға қанша тұрғаны туралы айтып берді. Бүның барлығын видеодан анық байқауға болады.
Видео сілтемесі: https://www.facebook.com/100015291401765/videos/2084620955077446/