Қазақстан Ресейдің газды тек рубльмен сатып алу ұсынысынан бас тартты

0
1254

Еуразиялық экономикалық одаққа мүше елдер өзара газ сату және сатып алуда рубль валютасымен есептесе ме? Аталған сұраққа Энергетика министрі Болат Ақшолақов пікір білдірді

Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақовқа келесі сұрақ қойылды: «ЕАЭО елдерінің көпшілігі газды рубльмен төлеуге көшті. Осылайша Ресей, Беларусь, Армения және Қырғызстан газ үшін рубльмен есеп айырысуға келісімін берді. Осыған қатысты ҚР Энергетика министрлігінің ұстанымы қандай?

«ЕАЭО елдерінде газ бойынша ортақ нарық құру мәселесі талқыланып жатыр. Онда газдан бөлек, мұнай және электр энергетикасы да бар. Дегенмен, әзірге газ нарығы туралы келісім құжатына қол қойылған жоқ. Кеше және бірнеше күн бұрын келіссөздер жүрді», — деді Болат Ақшолақов сұраққа жауап бере отырып.

Министрдің мәліметінше, келіссөз барысында Ресей тарапынан рубльмен есеп айырысу ұсынысы жасалды.

«Біздің ұстанымымыз аталған опция шартқа қатысушы тараптардың таңдауында болу керек. Яғни екіжақты коммерциялық шарт болуы тиіс. Біздің ойымызша, газды сату мен сатып алуда валютаны таңдау еркіндігі берілуі керек», — дейді ол.