«Мүлде ана бола алмайсың деді»: Жұлдызай Дүйсенбиева бала сүю кезінде қандай қиындыққа тап болғанын айтты

0

Белгілі актриса Жұлдызай Дүйсенбиева Астана арнасындағы «Бақыт құшағында» бағдарламасында қонақ болып, өміріндегі қызықты әрі маңызды оқиғалар жайлы ой өрбітті. Ол дәрігерлердің өзіне бала сүйе алмайсың деп айтқанын да жасырған жоқ, деп жазады Kznews.kz  тілшісі KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап.

Жұлдызайдың айтуынша, ол ешқандай ем қабылдамаған. Тек Алладан ғана сәби сыйлауды сұраған. «Маған мүлде ана бола алмайсың деді. Сол кездегі сезімімді айтып жеткізу мүмкін емес. Сондай сәтте жолдасым Өмірсеріктің бір-ақ ауыз сөзі мені жұбатты. «Егер Алла бізге сәбисіз қол ұстасып өтуді нәсіп етсе, оған да көнеміз», деді. Мен дәрігерлердің бұл сөзінен кейін еш емделмедім. Тек Алладан сұрай бердім. Ал жүкті болғанымда білгенде мүлде сенген жоқпын.

Тіпті, дәрігерге де бармадым. Олар менің бұл сөзімді жоққа шығаратындай, соңғы үмітімді үзетіндей көрінді. 12 аптасында ғана УЗИ-ге бардық. Сол кезде баланың жүрегі соғып жатқанын естіп, көз жасымды тоқтата алмадым. Шүкір! Жалғыз қызым болған соң бала күтушісін де жалдамадым. Уақыт тапшы болса да қызыма уақыт табамын. Оның барлық сәтінде қасында болғым келеді. Ұл берсе де, қыз берсе де, саналы қып берсін Алла. Егер Алла бір қыздан рахат көруді жазса, оған да ризамын», — деді Жұлдызай.