«Алла әр азаматқа төрт әйел алуды бұйырған жоқ» — Ислам ғалымы

0

Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII съезінің делегаты, Ислам ғалымы, Татарстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Камиль САМИГУЛЛИН көп әйел алудың қоғам үшін қаншалықты пайдалы екенін түсіндірді, деп хабарлайды Экспресс К.

— Елестетіп көріңіз: бір жігіттің алғашқы әйелі бала көтере алмады делік. Ол не істейді? Ажырасып, басқасын алады. Ол өз ұрпағын жалғастырғысы келеді. Ал, әйел зардап шегуі керек, — деді САМИГУЛЛИН Съездің аясында. — Тағы бір жағдай: жасыратыны жоқ, дәстүрлі түрде әйелдерге қарағанда ер адамдардың саны аз. Ер адамдар әйел адамдардан ертерек дүниеден озады. Сондықтан, көптеген әйелдер өздерінің отбасын құру конституциялық құқығынан айырылатыны белгілі.

— Егер зайырлы қоғамда ер адам бірнеше әйел алғысы келсе ше?
— Зайырлы қоғамда адамдар көңілдес тауып алады. Бірақ ол әйелдің көп нәрсеге құқығы болмайды. Егер ол екінші әйел болса, онда екеуі де тең құқықтарға ие болар еді. Сонда балалар да некесіз дүниеге келмейді.
Алла әр азаматқа төрт әйел алуды бұйырған жоқ. Екі, үш немесе төрт әйел алуға болады, егер де барлығына бірдей әділ болса. Алайда бір әйелге риза болсаңыз, онда басқасының қажеті жоқ. Бұл бұйрық емес, ұлы даналық!