Мүфтият пен дін істері агенттігіне үндеу-ұсыныс!
Ақын Светқали Нұржан Сарыағаш медресе колледжінде 10 мың террорист тәрбиеленіп жатыр деген ақпараттың анық-қанығын білу үшін Сарыағаштағы Сатыбалды Әбішұлы атындағы Ислам орталығына арнайы барып қайттым.
Медресе директорына еш жолыға алмадым. Бірақ діни колледжде оқып жатырған шәкірттермен сұхбаттастым.
Сарығаш медресе — колледж шәкірттерімен сөйлесу барысында діни экстремистік-террористік идеяны қолдайтынын байқамадым, есесіне болашақ имам-исламтанушылардан бүкіл адамзатты мұсылман қылу керек дейтін миссионерлік пиғылды аңғардым.
Осы сапар барысында маған мынадай бір ой-идея келді.
Өздеріңізге мәлім кеше ғана В. Путин бастаған импершіл Ресей билігі тәуелсіз Украина қалаларын бомбылап, бейбіт халыққа геноцид жасады.
В. Путиннің орыс әлемі идеологиясына уланған Һәм оның өктемшіл идеясын жақтап-қолдайтындар Қазақстанның солтүстік өңірлерінде көптеп тұрады.
Ал тарихи деректер бойынша 1896-шы жылы отаршыл Ресей империясы әскери губернатор Г.А. Колпаковскийдің қолдауымен қазақтарды шоқындыру мен орыстандыру үшін Алматыда (Верный) жетісу православие шіркеуін құрды.
Қазақстанның солтүстігінде орналасқан Тобол епархиясы Қызылжарда (Петропавл), Көкшетауда, Атбасарда, Қарқаралыда, Ақмолада, Омбыда өзінің діни миссияларын ашты. Шығыс аймақта алғаш Семейде, Өскеменде, кейіннен Буконка деген казак станицасында осындай діни миссиялар құрылды. Бүкіл Батыс Қазақстан аймағы Орынбор рухани консисториясы ықпалында болды.
Міне, осы діни миссиялар жергілікті халық арасында христиан дінін уағыздап, оны шоқындыру жұмысын жүргізумен белсенді айналысты. Қазақтарды христиан дініне көшіруді, негізінен, шіркеу қызметкерлері (священниктер) жүргізді. Бірақ бұл іске орыс шаруалары да, казактар да, отарлық шенеуніктер де – бәрі белсенді жұмылдырылды.
Сөйтіп, ХІХ ғасыр ортасынан шоқындыру саясаты қазақ жерінде жүйелі түрде жүргізіле бастады.
Қазағым айтқандай өгіздің басына туған күн,бұзауға да келеді дегендей осы тарихи процесстерді саралай келе, енді ҚМДБ өзіне қарасты 9 медресе,Алматыдағы Нұр-Мүбәрәк діни университеті,Сарығаш діни колледжі мен мүфтияттың бас кеңсесін- Петропавлға,яғни Иса пайғамбардың Петр-Павел деген екі миссионер сахабасының есімімен аталған Қызылжарға шоғырландырып,көшірсе деймін.
Бұл саяси шешім соңғы 1-2 жылда халық арасында әбден имиджі төмендеген, шүкір-тәубешіл,яғни патшаға құл болуға үндейтін мүфтияттың беделін асқақтатар еді.
Менің ойым мүфтияттың уағызшы имам-молдалары-Жаратушы жалғыз Тәңірге сыйынып,көшпенді түркілік мәдени дәстүрді ұстанған қазақтардың басын айналдыра бермей,бүкіл потенциалы мен күш-жігерін қазақ ұлтын 19-20-ші ғасырда ерікті-еріксіз шоқындырған, солтүстіктегі православтық орыстарға «кәлима шаһадат» (диалектика заңы) айтқызып,мұсылман жамағаты қылса…
Ағайын қалай бұл ұсыныс-үндеуімді қолдайсыздар ма?!
«Демос» ҚБ төрағасы
Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ