МАРҒҰЛАН СЕЙСЕМБАЙ: Барша Қазақстан халқы бауырлас украиндер үшін алаңдап отыр

0
Достар, біз Украина үшін көмек сұрағаннан бері көптеген ұсыныс, дәрі-дәрмек, заттай, тамақтай және басқа да көмек келіп түсіп жатыр.
Қазақстандықтар украин халқына шын жүректен жанашырлық білдіріп отыр. Ел болашағы азаматтық бастамасы аясында жарияланған шоттарға қарапайым азаматтардан 30 млн. теңгеден астам қаражат түсті.
Ертеңнен бастап біз Украинаның Польшадағы елшілігі берген поляк қайырымдылық қорына тағы да қаражат аударамыз.
Барша Қазақстан халқы бауырлас украиндер үшін алаңдап отыр. Мықты болыңыздар, бүкіл әлем сіздердің тілеуіңізді тілеп отыр!