Бүгін Байден Украинадағы одақтастарымен келіссөздер жүргізеді

0

АҚШ президенті Джо Байден бүгін, 28 ақпанда одақтастарымен және серіктестерімен Украина төңірегіндегі жағдай және Ресей Федерациясына қарсы шаралар туралы телефон арқылы сөйлеседі. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы Ақ үйге сілтеме жасап хабарлайды.

Бұған дейін Ақ үйдің баспасөз хатшысы Джен Псаки Ресей мен АҚШ-тың қарым-қатынасына баға беріп, олардың «әдеттегідей» істерді жүргізе алатын жағдайда емес екенін атап өткен болатын.