Митингке шыққандар бүкіл қалаға вирус жұқтыруы мүмкін – елорданың бас санитары

0
0
Advertisement

Пірәлиева карантин кезінде бұқаралық шараларды, соның ішінде митингтер өткізуге тыйым салынғанын айтты

НҰР-СҰЛТАН, 5 маусым – Sputnik. Нұр-Сұлтанда Covid-19 таралу қаупі әлі де бар, сондықтан карантин кезінде митингке шығатындар бүкіл қалаға вирус жұқтыруы мүмкін. Бұл туралы қаланың бас санитар дәрігері Жанна Пірәлиева мәлімдеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

«Пандемия, карантин кезінде митингілер мен жиындарды өткізу өте қауіпті. Жұқтыру қаупі ондаған есе артуы мүмкін. Себебі қатысушылар қаланың әртүрлі аудандарында еркін жүріп, инфекцияны бүкіл қалаға таратады. Бұған жол беруге болмайды, себебі індет қайта өршіп, қала қатаң карантинге қайта оралуы мүмкін», – деді Пірәлиева.

Айтуынша, егер елордада карантин күшейсе, жұмысына кіріскен кәсіпорындар қайта жабылады, адамдарға үйден шығуға тыйым салынады. Блокбекеттер қайта қойылып, қоғамдық көліктер тоқтайды.

«Осындай қиын кезеңді біз бірге өткерген едік, көп жұмыс атқарылды. Сондықтан мұндай жағдай қайталанбас үшін барлық тұрғынды қатаң санитарлық нормаларды сақтауға шақырамын. Заң бұзғандар жауапкершілікке тартылуы мүмкін», – деп ескертті бас санитар дәрігер.

Тағы оқыңыз: Алматының бас санитар дәрігері мәлімдеме жасады – видео

Пірәлиева карантин кезінде бұқаралық шараларды, соның ішінде митингтер мен жиындарды өткізуге тыйым салынғанын айтты.

Елордада барлығы 2379 адам індетке шалдыққан, 1291 науқас жазылып шықты.



sputniknews.kz

Ең соңғы жаңалықтарды KzNews.KZ телеграм каналынан оқи аласыз! Телефоныңызға тікелей келетін ақпаратқа жазылыңыз. 

 
Загрузка...

ПІКІР ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз