«Шапалақпен бетінен бір ұрдым»: Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі күйеуімен қалай қоштасқанын айтты — Қазақстан жаңалықтары

0

Тұрсын Алагөзовтің отбасынан ажырасып, Баян Алагөзовпен үйленгеніне бүкіл жұрт куә. Алайда атышулы оқиғадан соң Ляйсира Марат бұрынғы жолдасы Тұрсын Алагөзовтің жағдайды түсіндіріп, не кешірім сұрамағанын айтады.

Ляйсира Марат пен Тұрсын Алагөзовтың арасында, тіпті балаларының арасында дау туғаны көпке белгілі. Желіде Тұрсын мен Баян Алагөзованы айыптағандар санында шек болған жоқ. Енді бірі махаббатты жақтап, оған шек келтірмеуді сұрап жатты. 

Бұл жайлы Алагөзовтің бұрынғы жары «Шынайы өмір» бағдарламсына баяндап берді. 

«Ол тек қана өзінің адамы бар екенін, үйден кететінін айтты. Мен шапалақпен бетінен бір ұрдым. Ол ешнәрсені түсініріп жатпады. Балаларымен де сөйлеспеді. Сөйлесудің де мәні жоқ еді. Себебі мұндайда ақталудың реті жоқ. Бұл қылмыстық оқиға болғандықтан біздің отбасымызға қысым көсетіле бастады», — деді кәсіпкер әйел.

Оның тағдырға көніп, өзін өзі қолға алуына, жігерленуіне балалары себеп болған. Балаларына, отбасына жасалған қысым әсер еткен. 

«Бұл қылмыстық оқиға болғандықтан бізге де әсер етпей қойған жоқ. Тұрсынды іздеп, балалары арқылы шыққан адамдар болды. Баламды көк ала қылып ұрып кетті. Қыздарыма қысым жасалды. Ол кезде Тұрсын бәрін біле тұра көмекке келмеді. Баламды ұрып кеткенін біле тұра көмекке келмеді. Керісінше бізге сенбестік танытты. Ол тек кететінін айтты. Менімен де, балаларымен де қоштаспады. Ешқандай әңгіме болған емес», — деді кәсіпкер әйел.

Айтуынша, ол өте қамқор сонымен бірге өте қатал ана. Балалар сұраған нәрсенің бәрін бергісі келеді. 

«Біз ажырасқанда балаларым бірден есейіп кетті. Олар өздеріне ауыр болғанын білдіртпей, маған қорған болды. Мені қолдады. Сол кезде байқамаған екенмін, қазір ойласам көп адам мені қолдапты. Маған кеңестерін айтты. Солардың бәріне алғысымды айтқым келеді», — деді ол.

Бұл күндердің бәрі бүгінде артта қалды. Кәсіпкер әйел өзін қолға алып, жұмысын жалғастыруда. Өзі үшін, балалары үшін керек екенін сезінген соң күресу керек екенін түсінген. Қазір қанша уақыт өткенде тағдырын күліп қана еске алады. 


«Ол 90-жылдары да жүріс жүретін»: Тұрсын Алагөзовтің бірінші әйелі күйеуінің опасыздығы жайлы


 

stan.kz