«Между мной и тобой» хитінің орындаушысы трансгендер әйелге айналды – Қазақстан жаңалықтары

0
40

90-шы жылдардағы эстрада жұлдызы Оскар (шын аты – Шамиль Малкандуев) өзін Ресей шоу-бизнесіндегі алғашқы трансгендер әйел деп жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рен ТВ-ға сілтеме жасап.

Енді әнші өзін Скарлетт деп атауды сұрайды.

«13 жасымда «Унесенные ветром» атты шығарманы оқыдым, Скарлетт О’Хара мені мықты болуға және берілмеуге шабыттандырды. Мен қандай-да бір дәрежеде өзімді онымен ұқсаттым», – деді экс-Оскар-Шамиль сұхбатында.

«Шамиль мен Оскар менің өмірімнің бір бөлігі, өзімді табу үшін көптеген жылдар қажет болды», – дейді әнші.

Әнші Оскар 2000-шы жылдардың басында танымал болған, ең танымал хиттердің арасында – «Между мной и тобой», «Мажь вазелином» және «Бег по острию ножа» атты әндері бар.

stan.kz